Гаити президентін өлтірген күдіктілер ұсталды

Гаити президенті Жовенель Моизді өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлады елдің байланыс министрі Франц Экзантус Twitter парақшасында.

Қазіргі уақытта күдіктілер тергелуде.

Айта кетсек, Гаити президенті Жовенель Моиз белгісіз біреулердің оның резиденциясына жасаған шабуылы кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмды.

Ел билігі бұл қылмыстың артында қарулы шетелдіктер тұр деп санайды. Гаитиде 15 күнге әскери жағдай жарияланды.