Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген мемқызметші әйелге қатысты сот шешімі шықты

Өскеменде мас күйде көлік жүргізген мемлекеттік қызметшіге қатысты сот шешімі шықты. Енді ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы ықтимал.

Әзірге бұл шешім заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізге салсақ, қала әкімдігі аппаратының қызметкері ішімдік ішкен күйінде көлік айдап көпшілік көзіне түскені туралы айтқан едік. Оқиға былай болған: жылжымалы вакцина салу пунктіне келген қала тұрғыны оның жабық тұрғанын көрген. Оның себебін білмек болып, сол сәтті бейнежазбаға түсірген. Аз уақыттан соң оқиға орнына бейнежазба авторының алдына Өскемен қалалық әкімдігі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева келген. Алайда мемлекеттік қызметшінің көлікті масаң күйде жүргізгені белгілі болды. Бұл оқиға әлеуметтік желіге тарап, қоғам назарын аударды.