Германияда жасөспірімдер мінген ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Германияның орталығында төрт адам мінген шағын ұшақ құлады.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты.

Ұшақ түстен бұрын Анхальт-Биттерфельд ауданында апатқа ұшырады. Бортта 55 жастағы ұшқыш пен үш жолаушы болған, олардың екеуі 14 және 17 жаста. Ұшқыш пен кәмелетке толмаған балалар қаза тапты. Төртінші адам аман қалды, ол көптеген жарақатпен ауруханаға түсті.

Апаттың себептері мен мән-жайы анықталуда.