Тәжікстанда сел жүріп, 10 адам көз жұмды

Тәжікстанда толассыз жауыннан кейін сел жүріп, 10 адам көз жұмды. 40-қа жуық үй мен 2 көпір қираған. Көлік жолының 10 шақырымдай жері бүлінген.

Қазір сел салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Келтірілген материалды шығын көлемін есептеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Айта кеткен жөн, Тәжікстанда 1992 жылдан бері сел, су тасқыны, жер сілкінісі мен лай көшкінінен 7 миллион адам зардап шеккен. Табиғат апаттарынан ел экономикасына 2 миллиард доллар шығын келтірілді.