424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гуантанамо түрмесі жабылатын болды

  • 108
  • UPD: 22:21, 20.07.2021
Гуантанамо түрмесі жабылатын болды Reuters

Вашингтон Кубаның Гуантанамо шығанағындағы түрме мен әскери-теңіз базасын жабу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді. 

Еске сала кетсек, 19 шілдеде АҚШ билігі Гуантанамоның 56 жастағы тұтқыны Абдул Латиф Насирді Мароккоға қайтару туралы шешім қабылдады.

Вашингтонның мәлімдеуінше, ол бұдан былай АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне қауіп төндірмейді.

Псаки шетелдік террористерге арналған түрмедегі қалған 39 адамның 10-ы репатриацияға құқылы екенін атап өтті. Тағы 17-сі өз істерін қайта қарауға өтініш бере алады, 10-ы әскери комиссия тергеуінде және екеуі сотталған. 

3 шілдеде АҚШ Қорғаныс министрлігі Гуантанамо түрмесін 2022 жылдың 30 қыркүйегінен кейін бюджеттен қаржыландыруға тыйым салғаны белгілі болды. Түрмені жабуға алғаш рет АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама әрекет жасаған. Ол 2009 жылдың қаңтарында бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл шешім республикалық конгрессмендер қарсылығына байланысты орындалмады. Ал 2018 жылы АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамп Обама бұйрығының күшін жойып, Гуантанамоны сақтап қалу туралы бұйрық шығарды.

Lenta.ru

Хабар 24 телеарнасы