424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джефф Безос ғарышқа ұшып барып келді

  • 89
  • UPD: 23:44, 20.07.2021
Джефф Безос ғарышқа ұшып барып келді

Әлемнің ең ауқатты адамы Джефф Безос ғарышқа барып келді. Ұшу 11 минутқа созылды.

Кәсіпкер және оның бауырымен бірге ғарышқа 82 жастағы ұшқыш әйел және 18 жастағы жас жігіт аттанған. Олар ғарышқа ұшқан ең кәрі және ең жас адам болды. Негізі жас жігіттің орнында есімі жария етілмеген басқа жолаушы болу керек еді. Ол аукционда билетті 28 миллион долларға сатып алған. Алайда тығыз жұмыс кестесіне байланысты ұшудан бас тартыпты. Американдық Джефф Безостың әл-ауқаты 200 миллиард долларға бағаланады. Жуырда ол Амазон компаниясының басшысы қызметінен кеткен. Кәсіпкер ғарыш компаниясы секілді басқа жобаларға көбірек көңіл бөлгісі келетінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы