Әзербайжан вакцина төлқұжатын енгізуге кірісті  

Әзербайжан билігі тұрғындардың коронавирусқа қарсы егілгенін дәлелдейтін вакцина төлқұжаттын енгізуге кірісті.

1-ші қыркүйектен бастап тұрғындар мейрамхана, сауда орталығы және қонақ үйге кіру үшін осындай құжат көрсетуі тиіс. Ковид-төлқұжат жоғары оқу орындарында да енгізілетін болады. Сондықтан студенттерге де талап қатаң. Бұдан бөлек мемлекеттік органдар мен кәсіпорын қызметкерлерінің 80 проценті күзге дейін вакцинаның бірінші дозасын, ал қазан айында екінші дозасын алуы тиіс.

Сондай-ақ...