Индонезияда табыт жасаушылар көбейді

Индонезияда соңғы уақытта табыт жасаушылар көбейді. Оған елде коронавирустың қайта өршіп, өлім-жітімнің артуы себеп.

Мысалы, соңғы бір күнде ковид-19-дан 2 мыңнан аса адам көз жұмған. Ал вирусты жұқтырғандар саны 45 мыңнан асқан. Салдарынан ауруханаларда орын жетіспей вирустан қайтқандар саны өсіп, табытқа сұраныс артқан. Осы уақытқа дейін жиһаз жасаумен айналысып келген кей шеберлер кәсібін өзгерткен. 

Герман, табыт жасаушы:

- Бұрын жиһаз жасаушы едік, енді табытқа көштік. Күніне 15-20 табыт дайындаймыз. Қазір сұраныс осыған түсіп тұр.