Үндістанда әскери тікұшақ апат болды

Үндістанның Әуе күштеріне тиесілі тікұшақ елің солтүстігінде апатқа ұшырады.

Абырой болғанда, екі ұшқыш да аман. Бұл туралы ANI агенттігі хабарлайды.

Патханкоттан шығып (Пенджаб штаты) көмекке аттанған тікұшақ Ранджит Сагар маңында апат болды.

Қазір елде толассыз жауын салдарынан су тасқыны болып жатыр. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін тікұшақтар жұмылдырылған.