Меккеде кіші қажылыққа рұқсат берілді

Сауд Арабиясы кіші қажылық жасағысы келетін шетелдіктерге шекарасын ашпақ.

Бүгіннен бастап умраға өтініш қабылданып жатыр. Басты талап – келушілер корольдік мойындаған коронавирусқа қарсы екпе салдыртуы тиіс. Бұл мемлекет жарамды деп таныған вакциналар тізімінде Модерна, Файзер-Байонтек, Астразенека және Джонсон әнд Джонсон препараттары бар. Саудия билігі шетелдіктердің кіші қажылыққа келуіне 18 ай бұрын тыйым салған болатын. Пандемияға дейін мұнда жыл сайын қажылықтан 12 миллиард доллар қаржы түсетін.

Сондай-ақ...