Кабулдан ұшып кетпек болған бірнеше адам ұшақтан құлады

Кабул әуежайындағы дүрбелең әлі де жалғасып жатыр. Жұрт елден кетудің амалын іздеп сабылып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбіреулері тіпті әуе кемесінің шассиіне жармасып, ұшып кетпек болған. Алайда ұшақ көкке көтеріліп, шасси жабылғанда азаматтар төмен қарай құлап, қайтыс болған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, кейбірінің денесі тура тұрғын үйлердің үстіне құлаған. Айта кетейік, қазір Кабул әуежайында ығы-жығы халық. Елдегі ахуалға байланысты бәрі елден кетуге асық.