Жаңа Зеландияда қызметкерден ковид анықталса, кәсіпорын карантинге жабылады

Жаңа Зеландияда кәсіпорында коронавирус жұқтырғандар анықталса, тұтас мекеме 3 күнге карантинге жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ереже ертеңнен бастап күшіне енеді. Қоғамдық іс-шаралар өтпейді. Білім беру орындары қашықтан оқу тәртібіне көшеді. Тұрғындарға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берілді. Ал тыста екі метр арақашықтық сақтап, масканы шешпеу керектігі ескертіледі.

Айта кеткен жөн, коронавирус жақында елдің 58 жастағы тұрғынынан анықталды. Қазір ол оқшауланып, кейінгі күндері қатынаста болған жақындары тексеріліп жатыр. Негізі Жаңа Зеландия коронавируспен тиімді күрес жүргізіп жатқан елдердің бірі. Пандемия басталғалы шамамен 5 миллион тұрғыны бар елде 30-ға жуық адам көз жұмған.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

- Бізде коронавирус жұқтырудың бір дерегі расталды. Әзірге бұл «Дельта» штамы ма, жоқ па оны нақты айта алмаймыз. Зерттеу нәтижелері ертең дайын болады. Әлемде бұл мутацияның тез тарап жатқанын білеміз. Сондықтан алдын ала қамданып, жалпыұлттық локдаун енгізуге мәжбүрміз. Бүкіл елде қатаң карантин 3 күнге, ал вирус жұқтыру оқиғасы расталған өңірде бұл тәртіп 7 күнге жалғасады.