Үндістанда ересектерді екпе салдыруға балалар үгіттеп жүр

Бұл шараға 5 мыңнан аса бала қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер үгіт насихатты өздері тұрып жатқан аудандарда жүргізеді. Осы уақытқа дейін олар 13 мың ересекті вакцина салдыруға көндіріпті. Балалар қиындықтар да көптеп кездесіп жатқанын айтады.

Сантоши Патра, оқушы:

- Біз елді вакцина салдыруға шақыра бастағанда, екпеге күмәнданған жандар көп болды. Кей тұрғындар тіпті тыңдағысы келмей, үйлеріне кіріп кетті. Мұны ақша үшін істеп жүрсіңдер деп айыптағандар да болды. Бірақ біз вакцинаның тегін әрі қауіпсіз екенін айтып сендіруге күш салдық.