Нью-Йорк мұғалімдері вакцина алуға міндеттелді

Нью-Йорктегі мемлекеттік мектептерде жұмыс істейтін барлық мұғалімдер міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы тиіс. Бұл туралы шаһар мэрі Билл де Блазио хабарлады.

Биліктің жоспары бойынша қыркүйек айының 27-сіне дейін індетке қарсы препараттың бірінші дозасын 150 мың адам қабылдау керек. Осылайша алғашқы компонентті еккендер апта сайын ПТР тест тапсырмайды. Мэрдің бұл шешімін мұғалімдер кәсіподағы қолдап отыр.

Айта кетейік, ұстаздардың міндетті егілуін бұған дейін Вашингтон, Лос-Анджелес пен Чикаго билігі де қолға алған еді.