Орман өрті Невадаға жетті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өртінің түтіні Невада штатына жетіп, бірнеше шаһардың көгі қара түске боялды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан мектептер мен жағажайлар жабылып, әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр. Бірқатар округте ауа сапасы адам өміріне қауіп төнерліктей деңгейге жетіп, билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.

Джери Джиганик, тұрғын:

– Кешеден бері аспанды қою түтін басып, тыныс алуымыз қиындады. Тіпті далада жүру мүмкін емес.

Ал Калифорнияның солтүстігінде шілде айының ортасында басталған «Дикси» өрті әлі лаулап жатыр. Қызыл жалын 2 мың шаршы шақырым жерге таралып, тек 30 проценті ғана сөндірілген. 550 үй жанып кеткен. Тілсіз жаудан аймақта 16 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады.

Сондай-ақ...