Кабулда болған жарылыстардан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Ауғанстан астанасында тағы да жарылыс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бүгіндікке бесінші оқиға. Бұл туралы түріктің TRT телеарнасы хабарлады. Al Arabiya телеарнасы тағы екі жарылыстың осы Кабулдың маңында болғанын жеткізді. Ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес қаза тапқандардың саны 60-қа дейін жеткен. Олардың арасында балалар да бар. Бүгінгі алғашқы жарылыста террорист өзін жарып жіберген болатын. Бұл оқиғаны «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымы ұйымдастырғанын жария еткен еді.

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер НАТО өкілдеріне Кабул әуежайына террорлық қауіп төніп тұрғанын ескерткен болатын.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.