Нигерияда қарулы топтар мамырда ұрлаған оқушыларды босатты

Нигерияда қарулы топтар биыл мамыр айында ұрлап әкеткен мектеп-интернат оқушыларын босатты.

Бұл туралы Франс пресс агенттігі хабарлады.

Бірақ содырлар қанша баланы еркіндікке жібергені белгісіз.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Нигерияда қарулы топтар Тегин қаласындағы мектеп-интернатқа шабуыл жасап, 135 оқушыны ұрлап кеткен еді. Маусым айында содырлар 11 қызды босатып, тағы 15 оқушы өздері қашып шыққан болатын. Содан бері қалған балалардың халі белгісіз болып келген.