Египетте туризм саласы жандана бастады

Египетте туризм саласына қайта қан жүгіре бастады.

Аймақта демалып жүрген саяхатшылардың қатары қалыңдай бастады. Сарапшылардың мәліметіне, сәйкес жыл басынан бастап Египетке ай сайын шамамен 300 мың турист келген. Ал сәуірде бұл көрсеткіш 500 мыңға дейін жеткен. Жергілікті билік шетелден келген меймандарға қатысты шектеу шараларын да жеңілдете бастады. Оған сәйкес шілде айынан бері елге кірген саяхатшы тек вакциналау төлқұжатын ұсынып, немесе, бір рет птр тест тапсыратын болды.

Айта кетейік, туризм саласы Египет экономикасының басты табыс көзі.