Панджшер аймағында тәліптерге қарсылық жалғасып жатыр

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Панджшер аймағында тәліптерге қарсылық жалғасып жатыр.

Себебі өңірде елдің бұрынғы вице президенті Амрулла Салех пен аймақ көшбасшысы Ахмад Масуд Ұлттық қарсылық майданын құрып, «Талибан» билігін майындаудан бас тартқан. Бірнеше күн бұрын осы майдан жасақтары тәліптердің шабуылына тойтарыс берді. Тәліптер аймаққа күштерін шоғырландырып жатқаны айтылады. Бағлан провинциясында да халық жасақтары құрылып, тәліптерге қарсы бас көтеріп жатыр. Бұл өңірде де қарулы топтармен қақтығыс болған.