Үндістанда елді мекендерді топан су басты

Үндістанның Гуджарат штатында ақжауын төпеп, көп елді мекенді су басты. Әсіресе Джамнагар мен Раджкот қалалары қатты зиян шекті.

Раджкотта соңғы бір күнде түскен ылғал көлемі 33 сантиметрге дейін жетті. Апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың төменгі тұстарынан 1 жарым мыңға жуық адам, шұғыл эвакуацияланды.