БҰҰ Ауғанстанға шұғыл көмек көрсетуге шақырды

Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін халықаралық қауымдыстық тарапынан шұғыл әрі тұрақты көмек қажет.

БҰҰ Босқындар жөніндегі жоғары комиссары Филиппо Гранди елге сапары барысында осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, тәліптер билік басына келгенге дейін 18 миллион ауған, яғни халықтың жартысынан көбі кедейшілікте өмір сүріп, гуманитарлық көмеккке зәру болған. Ал «Талибан» билікті басып алған соң ашаршылық күшейіп, мәселе тіпті ушыққан. Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстанға қатысты Женевада өткен конференцияда донорлар 1,1 миллиард доллар қаржы бөлуге келіскен.

Филиппо Гранди, БҰҰ Босқындар жөніндегі жоғары комиссары:

- Соңғы бірнеше айда әскери қимылдардан елде жүздеген мың адам баспаналарын тастап көшуге мәжбүр болды. Олардың көбі қазір ашық аспан астында ұйықтап, күнелтіп жүр. Азық-түлік аз, ал дәрі дәрмек жетіспей жатыр. Гуманитарлық тұрғыдан елдегі ахуалды өте мүшкіл деп бағалауға болады.