Алжирде экс-президенттің қазасына қатысты аза тұту жарияланды

Алжирде 3 күндік аза тұту жарияланды. Бұл экс-президент Әбдел-әзиз Бутефликаның қазасына орай қабылданған шешім.

17 қыркүйекте бұрынғы мемлекет басшысы 84 жасында дүниеден озған.

Айта кеткен жөн, Бутефлика елді 1999-2019 жылдар аралығында басқарды. Негізі ол бесінші мерзімге де дауысқа түспек болған. Алайда елді жаппай ереуілдер жайлап, президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария еткен.