Грекиядағы мигранттар лагерінде шектеу көбейді

Грекияның Самос аралында босқындарға арналған жаңа лагерь жасақталды.

3 мың адамдық жаңа орында мигранттар үшін барлық жағдай бар дейді билік. Ал гуманитарлдық ұйымдар керісінше бұлай болмау керектігін айтады. Өйткені лагерь биік дуал және тікенек сыммен қоршалған. Ондағы босқындар тысқа шыға алмайды. Кешкі сегізден кейін орталық аумағынан мүлдем ұзамауға тиіс. Ал баспана сұрау туралы өтініші қабылданбаған босқындардың далаға шығуына мүлдем рұқсат жоқ.