АҚШ-та жолаушы пойызының апатынан 3 адам қаза тапты

АҚШ-тың Монтана штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 3 жолаушы қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды.

Апат Джоплин елді мекенінің қасында болды. Белгілі болғандай, жүйіткіп келе жатқан поезд жолдан шығып, 5 вагон аударылып қалған. Оқиға кезінде онда 147 жолаушы мен 13 экипаж болған. Пойыз Чикаогдан Сиэттлға бет алған екен. Қазір жапа шеккендерге көмек көрсетіліп, апаттың себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ...