Жапонияда отшашулар зауытынан өрт шықты

Жапонияның Отару қаласындағы отшашу зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жергілікті өрт сөндірушілердің мәліметінше, кем дегенде үш адамды күйік шалған, олардың біреуі ауыр халде. Қазіргі уақытта тілсіз жауды жою әрекеттері жалғасуда. Жергілікті тұрғындарды оқиға орнына жақындамауға шақыруда.