425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германияда Тesla зауытының құрылысы аяқталды

  • 100
  • UPD: 17:40, 10.10.2021
Германияда Тesla зауытының құрылысы аяқталды

Осыған орай компания ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келушілерді Илон Масктың өзі қарсы алды. Шараға қатысушылар арнайы шақыртумен келді. Оған ие болу үшін компанияның сайтына тіркелу міндеттелді. Коронавирустық шектеулерге байланысты ашық есік күніне шақырту 9 мың адамға берілді. Олар су жаңа зауытты аралап, электромобильдерді құрастыру процесін тамашалады.

Айта кетейік, бұл Еуропадағы электромобиль өндіретін ең бірінші кәсіпорын. Онда жылына 500 мың көлік шығару жоспарда бар. 

БЛИЦ:

– Фабриканың ішінде болдық. Роботтардың көлікті қалай жинайтынын көрдік. Өте қызық болды. Тест-драйвпен де жүріп көрдік. Сырттан әдеттегі көлік сияқты, бірақ өте шапшаң екен. Өкінішке қарай Илон Масктың өзін көре алмай қалдық. Зауыттың арқасында аймақ одан әрі дамып, жаңа инфрақұрылым салынады деген ойдамын.

Электрокармен жүргеніме жарты жылдың жүзі болды. Осы маркалы көліктердің фан клубындамын. Тесланың заманауи дизайны ерекше. Көлікте отырып фильм көруге немесе ойын ойнауға болады. Мұндай шараны өткізіп алмау үшін арнайы Бавариядан келіп едім. Зауыттың ішіне кірі алмағаным өте өкінішті.

Хабар 24 телеарнасы