ЕО мен АҚШ ауаға метан шығаруды азайтуды ұсынады

Ауаға метан шығаруды азайту қажет. Еуроодақ пен АҚШ Глазгодағы конференцияда осыны қозғамақ.

Тараптар 2030 жылға қарай зиянды газдың таралуының үштен бір бөлігін азайтуды қалайды. Бұл туралы Еурокомиссия башысы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Еуроодақ сонымен бірге орман қорғауға 1 миллиард еуро бөлмек. Оның сыртында жасыл технологияларға қолдау көрсету мен Африка елдерінің өз экономикасын баламалы энергия көздеріне көшуі үшін көмек бермек.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Біз 2030 жылға қарай ауаға метан шығару көлемін 30 процентке азайтпақпыз. Ол көмірқышқыл газына қарағанда ғаламдық жылынуды 80 есе артық туғызады. Сондықтан бұл істе кешігуге болмайды. Қазір бастаманы 60 мемлекет қолдады. Өзге елдерді де ортақ іске атсалысуға шақырамыз.

Сондай-ақ...