Шотландияда эко-белсенділер көшеге бастарына канистр киіп шықты

Шотланд эко-белсенділері бұл арқылы Shell, Exxon секілді мұнай алпауыттарына қыр көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы арқылы олар ел назарын мұхитқа төгіліп жатқан мұнай мәселесіне аудармақ. Шерушілердің айтуынша, бұл отыннан басыбайлы бас тартар кез жетті. Ал бүгін-ертең Глазгода БҰҰ-ның климат жөніндегі COP26 саммиті басталады. Саммит қарашаның 12-сіне дейін жалғасады.