Колумбияда лай көшкінінен 13 адам көз жұмды

Колумбияның оңтүстігінде лай көшкіні жүрді.

Табиғи апаттан 13 адам көз жұмған. Тағы жарақат алған бірнеше тұрғын ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. Оларды іздеу операциясы жүріп жатыр. Лай көшкінінің жүруіне аймақта толассыз жауған нөсер себеп болуы мүмкін.