АҚШ-та музыка фестивалі кезінде 8 адам қайтыс болды

Техас штатында музыка фестивалі қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға жиылған жұрт рэп орындаушысы өнер көрсетіп жатқан сахнаға қарай өтпек болып, бірін-бірі тапап кеткен. Салдарынан 8 адам ажал құшып, 300-ге жуығы жарақат алған. Фестивальге бас-аяғы 50 мың адам жиналған екен. Оқыс оқиғаға байланысты рэп орындаушысы концертін тоқтатқан. Ал музыкалық фестиваль аясында жексенбіге жоспарланған барлық шаралар өтпейтін болды.