Шекарадағы шиеленіс: Польша Беларусьті кінәлап отыр

Шекарадағы жағдайға байланысты Польша президенті Беларусь билігін айыптауда.

Ресми Варшаваның мәліметі бойынша өткен тәуліктің өзінде Беларусь еліндегі босқындар 300 рет шекарадан заңсыз өтпек болған. Тәртіп сақшылары мигранттардың нөпірін тоқтату үшін көз жасаурататын газ қолданып жатыр.

Анджей Дуда, Польша президенті:

- Халықаралық қауымдастықтар аймақтағы жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Бізбен шекаралас елдер ғана емес, Орталық және Батыс Еуропа елдері де алаңдаушылық білдіруде.   

Польша тарапының болжамынша, қазір Беларусьтегі мигранттар саны 15 мыңға дейін жетуі мүмкін. Босқындардың басым бөлігі Германияға жетуді көздейді. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауныша миграциялық дағдарыстың салдарынан Еуроодақ билігі жақын арада Минкске қарсы жаңа санкцияларды еңгізбек ниетте.  Қара тізімге 30 беларусь азаматы мен компаниялар, сонымен қатар «Белавиа» мен Сыртқы істер министрі де кіруі мүмкін. Жаңа шектеулер келесі аптадан бастап заңды күшіне енбек.