Америкалық Рfizer препаратын енді өзге компаниялар да өндірмек 

Енді бұл препарат әлемнің 95 еліне жіберіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Файзер» коронавирусқа қарсы жасаған тәжірибелік дәрісін өзге компанияларға өндіруге рұқсат етті. Бұл covid-19-ды емдеуді қолжетімді етудің амалы дейді мамандар. АҚШ-тың фармацевтикалық компаниясы дәрілік заттардың патенттік пулімен келісімшартқа отырған. Соның арқасында препарат әлемнің 95 еліне жеткізілмек.

Айта кеткен жөн, таяуда Файзер өкілдері коронавирусқа қарсы дәріні тәжірибелік сынақтан өткізіп, оның тиімділігі жоғары екенін мәлімдеген. Препарат індеттің ауыр формада өтуін, не өлім қаупін 89 процентке азайтады.

 

 

 

 

Сондай-ақ...