Журналист Джулиан Ассанж көмекке мұқтаж  

Австралиялық журналисті Франция ғана АҚШ-қа экстрадициялаудан құтқара алады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өйтпеген жағдайда журналист өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Парижде өткен кездесуде  журналистің әкесі Джон Шиптон осылайша көмек сұрады.

Оның айтуынша, 2012 жылғы сайлау кезінде Францияға Ассанждың еңбегі сіңді. Әрі журналист АҚШ-тың орталық тергеу басқармасы жасаған тыңшылық әрекетін әшкере етіп берген. Ассанждың осындай еңбектерін тізбектеген әкесі ұлына Франциядан саяси пана сұрап отыр.