Нидерландта полиция шерушілерді итпен қуып тарқатты

Нидерландта халық үшінші түн қатарынан ереуілдетіп жатыр. Ашулы жұрт елдің 4 ірі қаласына жиналған.

Шара тәртіпсіздікке ұласты. Ал Гаагада төтенше жағдай жарияланды. Әскерилер жиналғандарды шоқпар және дайындалған иттермен қуып таратты. Ал халық жаңа жыл қарсаңындағы шектеу шараларымен келіспейтінін айтып отыр.

Брюссель қаласындағы наразылық акциясы да тыныш өткен жоқ. Полиция жұртқа көз жасаурататын газ атып, су шашқан. Ал жиналған жұрт биліктен ковид төлқұжаттардан бас тартуды талап етті. Дәл осындай ереуілдер Австрия мен Францияның Гуаделупе аралында да болды.