Израильде жеткіншектер вакцина салдырды

Израильде осы аптада 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға вакцина салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша екпе шамамен 1 млн 200 мың оқушыға салынуы керек. Ең кішілеріне  Pfizer мен BioNtech компаниясының препараты қолданылады. Қазір бұл елде қауіпті вирус жұқтырғандардың қатары қайта арта бастады. Науқастардың тең жартысы бала. Мамандар ковид кішкентайларда жеңіл өткенмен, уақыт өте келе ауру кейбіреуінде асқынуы мүмкін екенін айтады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес Израиль тұрғындарының 57 проценті ғана толық вакцина салдырған.

Лин Сонод, ата-ана:

– Екі балама екпе салдыру үшін келіп отырмын. Бұл өте маңызды шара деп есептеймін. Өз басым екпеге сенемін. Қоғамның саулығы үшін бәріміз де осы іске атсалысуымыз керек деп есептеймін.