Пәкістанда 18 тонна есірткі тәркіленді

Есірткі құны 1 миллиард 300 миллион долларды құраған. Қолға түскен зиянды зат ел астанасы Исламабадтың маңында өртелді.

Қатерлі жүктің арасында анаша, апиын, героин, және есірткінің басқа да түрлері болған. Үкімет барлық жергілікті тұрғындарды есірткі қылмысына қарсы күреске шақырды.

Билік өкілдерінің айтуынша, биыл жалпы 184 тонна есірткінің жолы кесілген.

Гулам Шабир Нарежо, есірткіге қарсы күштердің бас директоры:

- Бұл арам ақша. Ол жастарымызды құртып, экономикамызды құрдымға жібереді. Осының кесірінен бізде қымбатшылық болады. Пәкістан әлемдік героинның 84 проценті өндірілетін Ауғанстанмен көршілес, шектес аймақта орналасқан. Сондықтан есірткінің көбі біздің жер арқылы өтеді.