Еуропа омикрон штамына қарсы вакцина шығарылған жағдайда дереу мақұлдайды

Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі коронавирустың жаңа штамы омикронға қарсы вакциналар жасалса, оларды 3-4 айдың ішінде шұғыл қабылдауға дайын.

Бұл туралы Брюссельде Еуроодақтың дәрі-дәрмекті реттеуші органының атқарушы директоры Эмер Кук мәлім етті. Бірақ әзірге жаңа штамға қарсы препараттарды қайта қарастырудың қажеттілігі бар ма, жоқ па, әлі белгісіз. Оның үстіне Еуропадағы эпидахуал Оңтүстік Африкадағы жағдайдан өзгеше. Еуроодақта егде жастағы адамдардың басым бөлігі екпе алған дейді сарапшылар. 

Эмер Кук, Еуроодақтың дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігінің атқарушы директоры:

- Қазіргі вакциналар коронавирустан қорғайды. Біз бустерлі доза алуға құқығы бар адамдардың барлығына күшейткіш дозаны салуға кеңес береміз. Қажеттілік болса қазіргі вакциналардың құрылымын өзгертуге де дайын болуымыз керек. Біз жаңа штамға байланысты жетілдірілген екпелерді 3-4 айдың ішінде бекітуге әзірміз. Бірақ алдымен мұндай қажеттіліктің бар-жоғын анықтап алуымыз керек.

Сондай-ақ...