Нью-Йорктегі басты шыршаның шырақтары жағылды

АҚШ-та елдегі ең танымал шыршаның шамдары жағылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Нью-Йорктің Рокфеллер орталығындағы салтанатты шараға мыңдаған адам жиналды.

24 метрлік шырша 50 мың шаммен безендірілген. Шырақтардың ұзындығы 8 шақырымай болады. Ал алып ағаштың төбесіне Сваровски кристалдарымен безендірілген 400 келілік жұлдызша тігілген.

БЛИЦ:

- Нью-Йоркке келіп осы бір әсем шараны көргеніме өте қуаныштымын.

- Флоридадан қызыммен бірге келген едім. Шырша өте әдемі безендірілген. Маған өте ұнады.

Сондай-ақ...