Омикрон штамының таралуы тоқтар емес

Бүгін әлемнің тағы бірнеше елінде коронавирустың омикрон штамы анықталды.

Олардың қатарында Чили, Румыния мен Сенегал бар. Осылайша жаңа мутация тіркелген мемлекеттердің саны 40-тан асып кетті. Омикрон өткен айда алғаш рет Оңтүстік Африка Республикасында анықталған еді. Қазір мұнда коронавирус жұқтырғандар саны 10 есе артты.  Осыған байланысты бұл елмен ондаған мемлекет арадағы әуе қатынасын уақытша тоқтатты. Сондай-ақ Африка азаматтары үшін карантин талаптары күшейтілді.

Сондай-ақ...