Швецияда кемедегі өрт бес күн бойы өшпей тұр

Швецияның Гётеборг портында құрғақ жүк таситын кеме өртенді.

Құтқарушылар тілсіз жаумен 5 күн бойы арпалысып келеді. Көмекке Норвегияның өрт сөндірушілері де тартылды. Бұған қарамастан өрт толық бақылауға алынбай отыр. Оған ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Қазір кемедегі жүк әлсіз жанып, бықсып тұр. Көлікте 17 адамнан құралған экипаж мүшелері де бар. Олар да өртті ауыздықтауға жұмылдырылды. Мамандар сұйық отынның, суға құйылуынан қауіптеніп, кемені қауіпсіз жерге көшірмек ниетте. Ал эвакуацияға бірнеше тікұшақ тартылды.