Боливияның Ла-Пас қаласына топан судан шығын келді

Боливияда толассыз жауын жауып, өзендер арнасынан тасыды. Салдарынан Ла-Пас қаласының инфрақұрылымына айтарлықтай зақым келді.

Жолдарды су басып, шаһардағы көпірлердің бірі тасыған суға шыдас бермей опырылып түсті. Әзірге апаттан қанша адамның зардап шеккені туралы ақпарат жоқ. Аймақта қауіптің сары деңгейі жарияланған.