Мексикада жойқын жарылыс болып, екі адам көз жұмды

Жарылыс пиротехника өндіретін нысанда болған. Соңғы кезде елдегі пиротехника жасайтын орындарда оқыс оқиғалар жиіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Жарылыс салдарынан 2 адам көз жұмды, тағы 15-і жараланды. Жарылыстан көрші маңайдағы 5 ғимараттың күлі көкке ұшқан. Жалпы Мексикада жыл сайын рождестволық мерекелер жақындаған сайын осындай оқиғалар жиілей түседі. Өйткені пиротехникалық заттарды қолдан жасайтындар көбейеді. Олар көп жағдайда қауіпсіздік талаптарын орындамайды. Мәселен, бірнеше күн бұрын осындай заңсыз өндіріс ошақтарының бірінде жарылыс болып, 6 адам көз жұмған еді.