ДДСҰ: Еуропа – қазір коронавирустың негізгі орталығы

Мұндай пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис БҰҰ-ның Женева кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның айтуынша, жаңа індет енді басталды, аймақтарда инфекция өршіп тұр. Өз кезегінде бұл туризмге де кері әсерін тигізбек.

Соңғы апталарда Шығыс Еуропа елдерінде, атап айтқанда Ресей, Украина және Польшада эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы туралы мәселе ДДСҰ-ны ерекше алаңдатып отыр. Эпидемияның орталығы әлі де Еуропа екенін атап өткен Харрис бүкіл әлемде COVID-19 жағдайларының 65 проценті Еуропаға тиесілі екенін атап өтті. Еуропада және Ресейде, соның ішінде ковид статистикаcы қыс-көктемде тарихи максимумды жаңартуы мүмкін.

Омикронның қаупіне қарамастан, Еуропа аймағында дельта штамы әлі де басылмай тұр.

«Еуропа коронавирустың негізгі көзі деп айта аламыз. Жұқтырғандардың көбінде дельта штамы анықталып жатыр. Біз бұрыннан «қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды күшейтіңіз, вакциналауды жеделдетіңіз» деп келеміз. Себебі бұл шаралардың барлығы Delta мен Omicron штамын тоқтатуға көмектеседі», – деді ол.

Соңғы апталарда Еуропада коронавирус жағдайы нашарлай бастағандықтан, Харрис қабылдаған қауіпсіздік шараларын екі есе көбейту туралы ДДСҰ-ның үндеуін қайталады.

Атап айтқанда, бұқаралық шараларға тыйым салу, маска тағу және қол гигиенасына назар аудару керек.