Омикронға байланысты шектеулер қатаңдатылды

Перуде омикронның тарала бастауына байланысты шектеулерді қатаңдату туралы шешім қабылданды.

Осы мемлекетте коронавирустың жаңа түрі 12 адамнан анықталған. Сондықтан билік сауда орталықтарына кірушілердің санын азайтуды шешті. Ал мереке күндері коменданттық сағат уақыты ұзартылады. Осымен қатар бустерлі дозаны баяғыдай 5 ай емес 3 айдан кейін салуға рұқсат етілді. Айта кетейік, Перуде халықтың 74 проценті толық егілген.

Эрнандо Севаллос, Перу денсаулық сақтау министрі:

– Енді бустерлі дозаны салу үшін 5 ай күтудің қажеті жоқ. Күшейткіш екпені 3 айдан кейін ала беруге болады. Ұлыбритания мен өзге елдерде мұның ешқандай қауіпі жоқ екенін көрсетті.