Мадагаскарда тікұшақ апатынан кейін төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті

Мадагаскардың солтүстік-шығыс аймағындағы Фенерив-Эст жағалауында әскери тікұшақ апатқа ұшырады, салдарынан төрт адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» russian.news.cn сілтеме жасап.

Оның ішінде елдің Ұлттық жандармерия жөніндегі мемлекеттік хатшысы Серж Гелле бар.

Апаттың себептері бойынша тергеу жүріп жатыр, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.