Таяу Шығыста мың жыл бұрын апатқа ұшыраған кемеден қазына табылды

Израильдің Кесария қаласының маңында осыдан мың жыл бұрын су астына кеткен кемеден құнды заттар табылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Теңіз түбінен ахреологтар жүздеген күміс және қола тиын мен түрлі пішіндегі бағалы заттарды шығарған. Арасында әшекей бұйымдар да бар. Ғалымдар бұл жерде біздің заманымызға дейін III және XIV ғасырларда екі бірдей алып кеменің қатты дауыл кезінде апатқа ұшырағанын айтады. Олжа археолог мамандарының теңізді зерттеуі барысында табылған. Қазір барлық тарихи заттардың кімге тиесілі болғаны зерттеліп жатыр.