Беларусьтегі мигранттар қоймада күн кешіп жатыр

Қыстың суығы әсіресе босқындарға қиын болып тұр. Беларусьте Польшамен арадағы шекарада әлі жүздеген мигрант бар.

Олардың 600-дейі Гродно қаласындағы қойманы паналап отыр. Арасында балалар көп. Жақында миграция жөніндегі халықаралық ұйым еліне қайтқысы келетін босқындарды тіркеп, отанына оралуын көмектесе бастады. Бірақ шығынданып, Беларуське әзер жеткен кей мигранттар мұндай ұсыныстан бас тартып, Еуропаға өтуге үмітті. Ал мамандар қыс түскесін мигранттардың жағдайы қиындай түскенін айтады.

Мохаммед Рефаад, Миграция жөніндегі халықаралық ұйым өкілі:

- Миграция жөніндегі халықаралық ұйым отанына өз еркімен оралғысы келетін мигранттарды тіркеуден өткізе бастады. Олар келісім берсе Минскке жеткізіледі. Одан әрі еліне аттанады.