Израильге коронавирусқа қарсы препарат жеткізілді

Израиль әлем бойынша алғашқылардың бірі болып, Covid-19-ға қарсы Pfizer компаниясының паксловид дәрісінің алғашқы партиясын алды.

Бұл – дәрі ретінде жасалған коронавирустың ауыр симптомдарымен күресетін препарат. Оны егуге арналған басқа препараттарға қарағанда, үй жағдайында қабылдауға болады. Алғашқы партия 20 мың дозадан тұрады. Израиль ауруханаларында шамамен осыншама вирус жұқтырған науқас жатыр.