Малайзияда су тасқынынан 50 адам қаза тапты

Малайзия жұртын да тасқын су әлекке салды. Өткен аптада басталған табиғат апатынан мұнда 50 адам көз жұмды.

Тағы екеуі ізім-ғайым жоғалғандар санатында. 9 мыңы эвакуацияланды. Билік климаттың өзгеруіне бейімделу жоспарын әзірлеу үшін БҰҰ-дан 3 миллион доллар қаржылай көмек сұрап отыр.