Альпі тауында шаңғышы бес жасар қызды қағып өлтірді

Франциядағы Альпі тауында орналасқан Флейн курортында шаңғышы Ұлыбританиядан келген бес жасар қызды қағып өлтірді, деп хабарлайды «Хабар 24» unn.com.ua сілтеме жасап.

Бүлдіршін басқа балалармен бірге шаңғымен сырғанауды үйреніп жүрген. Ер адам үлкен жылдамдықпен келіп, оны қағып кеткен. Белгілі болғандай, ол қозғалыс бағытын өзгертуге үлгермеген.

Қыз тікұшақпен ауруханаға жеткізілгенмен, жолда қайтыс болды. Полиция шаңғышыны тұтқындап, оған абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылды.